Кәсіподақ мүшелері ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай іс-шара өткізді

Шымкент шаһарында «Қызмет» салалық кәсіподағы қалалық филиалының құрамындағы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Қазақтың көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай, департамент қызметшілері арасында топтық сайыстар өткізіліп, Ахмет Байтұрсынұлының өлендерін мәнерлеп оқу жүргізіліп, оның өмірбаяны мен шығармашылығы, мұражайы туралы бейнероликтер мен буклеттер көрсетіліп, басынан өткен оқиғалар бойынша сахналық көріністер қойылымдары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және департамент басшыларының орынбасарлары және 50-ге жуық кәсіподақ мүшелері қатысты.

Іс-шараның шымылдығы салтанатты түрде әнұранмен ашылды.

Сайысқа қатысушылар 3 топқа бөлініп, «МАСА тобы», «АЛАШ тобы» және «ҰЛТ ҰСТАЗЫ тобы» болып, тақырыптық сайыстарға қатысып, білім мен өнерлерінің жоғары екенін, сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің қоғамдық белсенділіктері арта түскенін көрсетті.

Қатысқан топтардың өнерлері мен білімдерін әділ қазылар алқасы бағалады.

Көңілді де қызықты өткен іс-шарада 1-орынды «ҰЛТ ҰСТАЗЫ тобы», 2-орынды «МАСА тобы», 3-орынды «АЛАШ тобы» иеленді.

Шығармашылық сайыстың соңында жеңімпаз топтар мен белсенді қатысқан жеке өлең оқыған қызметшілерге кәсіподақ атынан арнайы дайындалған сыйлықтарды «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен аталған мекеменің кәсіподақ комитетінің төрайымы табыстады.