Еңбеккер бейнесінде – Зибагүл Тұрсынқызы

Ныгыметова Зибагүл Тұрсынқызы өз мамандығын жетік меңгерген білімді педогог.

Еңбек жолын 1999-2002-жылдар аралығында Үштөбе орта мектебінің даярлық сыныбынан бастаған. 2002-2011-жылдар аралығында Қарағанды қаласы «Жұлдыз» балабақшасында тәрбиеші, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының төрайымы және әдіскер міндеттерін атқарған.

Қазіргі уақытта «Бәйтерек» бөбекжайында әдіскер және кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметін атқарады. Оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың барлығының құқықтары мен мүдделерін қорғай білетін нағыз кәсіподақ көшбасшысы. Зибагүл Тұрсынқызы үнемі кәсіподақ жиналыстарын, ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыратын кеңес беру пікірталастарын өткізіп отырады. Оның басшылығымен ұжымда мұғалімдер үнемі көптеген іс-шараларға, байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болады.

З.Т.Ныгыметова  ұжымдық шарт бойынша әр педагогтің еңбек жағдайын жақсартатын және қызметкерлердің кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасайтын көптеген тармақтарын бекітті. Әріптестер арасында сыйлы, адамгершілігі мол, жан- жақты, талапшыл, жұмысына жауапты, үнемі қолдау көрсетуге дайын.