Ақтөбеде «Келешек» жастар кеңесі ресурстық орталық белсенділерімен кездесті

Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы мен «30 Еңбек елшісі» конкурсының жеңімпазы, және бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелері Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы мамандарымен кездесіп, бірлескен жұмыстар атқаруға кірісті.

«Жастардың әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жас кәсіподақ көшбасшыларын оқыту және ілгерілету, жастардың кәсіподақ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таныту, жастардың өзін-өзі ұйымдастыруына ықпал ету, жастардың инновациялық жобаларын іске асыру «Келешек» Жастар кеңесінің міндеттері»,деп атап өтті кеңесінің төрағасы А. Ажниязов.

«30 Еңбек Елшісі» байқауының жеңімпазы, Ақтөбе қаласындағы 72-ші орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Мұстафин өз сөзінде: «Кәсіподақтардың рөлін күшейту – біздің ортақ міндетіміз. Біз бүкіл ел жастарының кәсіподақтарға қосылуын ұсынамыз. Біздің алдымызда шығармашылық тұрғыдан даму үшін үлкен перспективалар бар» деп атап өтті.

Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім бастығы Сәния Төлеуқызы алды бірлесіп атқарар бастамаларға тоқталды. Жастар ресурстық орталығының жобаларының белсенді еріктілері үшін спорттық достық жарыстар өткізуге арнайы залдар керек екендігі айтылды.Сонымен қатар орталық жастарының семинар ,тренингтері т.б. басқосулары үшін коворкинг орталық ретінде Кәсіподақ алаңы керектігі де айтылды.

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы төрғасының орынбасары Мұхтар Әкімов екі жақты бірлескен жұмыстардың нәтижелі боларына сенім арты.