Еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кәсіподақ қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Аталған кездесулерде А. Нұрланов «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының қызметімен таныстырды, сондай-ақ кәсіподақ деген не және ол қандай негізгі міндеттерді орындайды деген сұрақтар егжей-тегжейлі ашылды.
Сондай-ақ, таныстырылым барысында елордалық филиал басшысы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақтардың құқықтық және консультативтік көмек көрсету, жұмыс пен еңбекті қорғау үшін жақсы жағдай жасау мәселелеріне тоқталды.
Бұдан басқа, жеке блокпен кәсіподақтың тартымдылығы туралы мәселелер ашылды. Атап айтқанда, құқықтық алаңда кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайын жақсартуға және ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге мүмкіндік беретін негізгі құжат – ұжымдық шартқа назар аударылды.
Кездесу барысында қызметкерлердің қызықтырған барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Нәтижесінде, «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-де құрылған жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымымен толықтырылды.
Бүгін аталған ұжымда алғашқы ұйымдастыру отырысы өткізіліп, бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға шешім шығарылды.
Жиналыста бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Мархабат Есімсейітова бірауыздан сайланды.
Филиал төрағасы А.Нұрланов филиалдың Атқару комитеті атынан «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ұжымының кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.