Жолдау – жаңа қадамдар негізі

2022 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осы орайда, Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының бастауыш кәсіподақ ұйымында Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау мақсатында кезекті отырыс өтті.

Отырысқа «АМАNАТ» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арай Есенбек, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директор орынбасары Олжас Сейданов, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мадина Бурумбаева және кәсіподақ активі қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өзекті мәселелердің шешу жолдарын айқындайтын негізгі 5 бағдары, елімізде қордаланған мәселелерді шешу жолдары, халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған және мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі әлеуметтік қолдау шараларына қатысты жаңа міндеттерін талқылады.

Жиын соңында кітапханашылар Жолдауда ұсынылған шараларды бірауыздан қолдайтындарын және оқырмандар арасында кеңінен насихатау жұмыстарын жүргізетіндіктерін айтып өтті.