Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Республикасының шекаралық пункттерінде қызметкерлер үшін достық және игілікті алмасу мақсатында онлайн кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, Қытай Кәсіподақтар федерациясының Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Ма Цзинь, Халықаралық құрлық портының Шыңжаң корпорациясының төрағасы Ма Чунлей, «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әсет Қыдырманов, Қорғастың Шыңжаң бірінші кедендік қадағалау бөлімінің бастығы Фу Пэн, «Алматы облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері қатысты.
Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен және жұмыс берушілер өкілдерімен бірлесіп, екі ел арасында өңірдегі еңбек қатынастарын жақсарту мақсатында пікір алмасты.