Павлодар машина жасау зауытының еңбеккері Виталий Исаев «Павлодар түсті металлургия колледжі» КМҚК «Түсті металдар металлургиясы» факультеті студенттерінің құрамына қабылдау үшін құжаттарын тапсырды, содан кейін ол «Металлург техникасы» мамандығын алады.
Бұл жаңалығымен ол Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжановамен бөлісті.
«Армандар орындалады, мен енді анық білемін! Менің арманыма жетуге көмектескен зауыт басшылығына, бастауыш кәсіподақ ұйымына және жеке Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлына алғыс айтамын. Мен ақылы білім алуды армандайтын да емес едім, өйткені, мен отбасымды күтіп, балаларды оқытуым керек. Мен өз мамандығымды жақсы көремін, Қазақстанның жаңа кәсіби деңгейде гүлденуіне өз еңбек үлесімді қосу үшін жақсы оқуға тырысамын», – дейді Виталий Исаев ризашылықпен.
Оны оқыту мәселесі ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің тікелей көмегімен шешілді, Федерация төрағасы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Павлодар машина жасау зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорын жұмысшыларымен жеке әңгімелесті. Осы тағдыршешті кездесуде Виталий Исаев Сатыбалды Дәулеталинге арнайы білім алуға және инженер мамандығын алуға көмектесу туралы сұрақпен жүгінді. Жұмысшының өзі ақылы оқуға түсуге шамасы келмеді.
Шешім көп күттірмеді, ҚРКФ төрағасының көмегімен «Қазметаллкәсіп» тау-кен металлургиялық салалық кәсіподақ ұйымы мен зауыт басшылығы бірлесе отырып, электр дәнекерлеушісін оқытуға өз еркімен қаражат бөлді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы