«ҚазТрансОйл» АҚ Кәсіби шеберлік конкурсының екінші турының қорытындысы бойынша «Мамандығы бойынша үздігі» номинациясының жеңімпазы болып Павлодар мұнай құбыры басқармасының желілік ОАВП құбыршысы Самат Нығыметов (103 балл) жарияланды.
Байқаудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру, жұмысшы мамандығының беделін арттыру және корпоративтік рухты дамыту.
Байқауда Атырау, Маңғыстау, Құлсары, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры басқармаларының, компанияның Шығыс және Батыс операторлық қызметтер басқармасының жоғары білікті мамандары өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.