Павлодарда әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті

2022 жылғы 16 қыркүйекте әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-де өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы; келісім комиссиясы мен сотта еңбек дауларын қарау бойынша қызметкерлердің мүдделерін қорғау және өкілдік ету бойынша кәсіподақтардың қызметі туралы; Павлодар облысы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына қатысушыларды бағалау жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының қорытындысын қарау туралы мәселелерді талқылады.

«Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрағасы С.Ю. Михайлюк өз сөзінде: «Жергілікті кәсіподақ 3500-ден астам жұмыскерді біріктіреді. 2021 жыл мен 2022 жылдың сегіз айында келісім комиссиясының 41 отырысы өтті. Қызметкерлердің өтініштерін қарау кезінде 16 жағдайда комиссия бірыңғай пікірге келмеді, 10 жағдайда комиссия жұмыс берушінің бұйрықтарын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады, 15 жағдайда қызметкерлердің өтініштері қанағаттандырылды, жұмыс берушінің бұйрықтары жойылды. Алты қызметкер сотқа шағым түсірді, оның шешімімен қызметкерлердің талаптары қанағаттандырылды. Жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдерінен тепе-тең негізде құрылған келісім комиссиясының рөлі еңбек дауларының алдын алу, олардың алдын-алуды үнемі жүргізу, қолданыстағы еңбек заңнамасын түсіндіру және еңбек дауына қатысушыларды сотқа дейін және соттан тыс дауларды шеше отырып, консенсусқа қол жеткізуге әкелу. «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы өз қызметінің басты миссиясы – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды жалғастырады», – деп атап өтті.

Комиссияның қарау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.