Ақтөбеде кәсіподақтың заң клиникасына бастауыш ұйым мүшелері жүгінді

“Ұлы қабырға” қазақ-қытай бұрғылау компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеру, тұрмыстық жағдайды, еңбек қауіпсіздігін жақсарту т.б. мәселелерін көтеріп, кәсіподақтың заң клиникасында айтылған мәселелерін жұмыс берушіге жеткізуге нақты қадамдар жасады.

Заң клиникасына келген соң, өзара ақылдасып, бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру конференциясы өткізілді. Жиынға Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев пен бастауыш кәсіподақ ұйым төрағасы Бекболат Омаров қатысты.

Конференция барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының 50-ге жуық мүшесі атқарылған жұмыстарды тыңдап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Жиын қорытындысында еңбек азаматтарының ұсыныстары мен талаптарын қарау үшін жұмыс берушіге жолданды. Қазір татуластыру комиссиясында жұмысшылардың талаптары қаралуда.