Еліміздің жан-жақты дамып, көркеюі – бірлікте

Жетісу облысының салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалында мемлекеттік қызметшілернің кәсіподақ ұйымдары жетекшілерімен Ел Президенті Қ. Тоқаевтің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауы бойынша жиын өткізілді.

Жиын барысында филиал төрағасы Б. Жазылбекова жолдаудың әр тарауына жеке тоқталып, жан-жақты түсінік әңгіме жүргізді.

Еліміздің экономикалық дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайына баса мән беру, бұл екі бағыт – Жолдаудың негізгі бөлігі екенін айта келе, саяси жүйені әрі қарай реформалау бастамалары, алдағы жылы елімізде үлкен саяси өзгеріс болатынын, биыл Президенттік сайлау, келесі жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы, жаңа Үкімет құрамы жасақталатын мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, жаңа экономикалық саясат, отбасы өмірі, салық саясаты, табиғи монополиялар, білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы жүйесі, ең төменгі жалақы, «Ұлттық қор – балаларға», ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды мәселелер айтылды.

Талқылау кезінде Жаркент қалалық әкімі аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Қадырова, Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Құрманов өз ой пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында филиал төрағасы Б.Жазылбекова, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда кәсіподақтардың атқаратын орны ерекше екенін айта келе, Еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың «Бүгінгі кәсіподақ Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі», – деп баға бергенін жеткізе келе, кәсіподақ мүшелерін ел бірлігіне өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.