«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Татуласу орталығының қызметіне өз аты-жөнін жарияламауды сұраған Түркістан облысы, Төлеби ауданынының тұрғыны А есімді азамат Заң аясында құқықтық көмек көрсетуді сұранып жүгінді. Азаматтың айтуынша, жұмыс атқарып жатқан мекемесінде Н есімді азамат қолхат арқылы қарызға ақша алып, бірақ қарыз ақшасын осы күнге дейін қайтарудан бас тартып жүргендігін айтып өз уәжін білдірді.
Орын алған жағдайға байланысты татуластыру орталығының қызметкерлері істің мән-жайын тыңдап, нәтижесінде, татуласу орталығының қызметкерлерімен азаматқа Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, ҚР Азаматтық кодексінің заңнамасы бойынша құқықтық кеңес берілді. Қазіргі таңда татуластыру орталығының қызметкерлері мен аталған мәселе бойынша екі тараптың медиациялық тәртіппен бітімгершілікке келуі бойынша жұмыстар атқарылуда.