«БҚО Кәсіподақтар орталығының» төрайымы Айгүл Есекенова мен «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» БҚО ҚБ төрағасы Айдар Батырханов Орал қаласы әкімдігі орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мәдени-ағарту бірлестігі қызметкерлерімен кездесті.
Бұл мекеме қызметкерлерінің бастауыш кәсіподағы «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» БҚО ҚБ қарасты.
Кездесу барысында А.Есекенова «БҚО Кәсіподақтар орталығының» атқаратын қызметі мен еңбеккер мүддесін қорғаудағы жасалынып жатқан жұмыстармен таныстарды. Атап айтатын болсақ, «Заң клиникасы», «Азаматтарды қоғамдық қабылдау» сынды жобаларды түсіндірді. Орал қаласы әкімдігі орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мәдени-ағарту бірлестігі қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Абилова Сауле Серікқалиқызы өз мекемесіндегі кәсіподақ ұйымының атқарған жұмысы жөнінде есеп берді. Аталмыш жұмыс орнының бастауыш кәсіподақ ұйымы 2004 жылы құрылған. Барлығы 182 қызметкерден кәсіподақ құрамында 152 адам бар. Өз қызметін кәсіподақ жарғысы мен ұжымдық шарт негізінде жүргізеді.
Сонымен қатар, кездесу барысында А.Батырханов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылап, ондағы ең аз жалақы мөлшерінің көтерілуі, еңбек адамының қоғамдағы рөлі, т.б. мәселелер бойынша, жолдаудың басым бағыттарын түсіндірді.
Бұндай кездесулер бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен облыстық кәсіподақтың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, еңбеккерлердің көкейкесті мәселелерін шешуде оң ықпалын тигізеді.