Кәсіподақ мүшелерімен атқарылып жатқан жұмыстар барысы талқыланды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі «Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ-нің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.


Жиында кәсіподақ мүшелері еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді саралап, әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға бағытталған шараларды қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын талқылады.

Сондай-ақ салалық кәсіподақтың қызметі және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарына, еңбек ұжымдық шартының жобасы аясында кеңестер айтылды. Бұдан бөлек кәсіподақ жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында әлеуметтік көмек беру жұмысына атсалыса отырып, қолдау көрсетуде өз ұсыныстарын тастады.

Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.