Ақтөбеде кәсіподақ жалпықалалық сенбілікке қатысты

Ақтөбеде кәсіподақ өкілдері облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қала аумағын санитарлық тазалау бойынша екі айлыққа қатысуға шақыруын қолдады.


Сенбі күні Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының жетекшілері мен Салалық кәсіподақ филиалдарының қызметкерлері және «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерімен бірге Тұрғын үй қалашығы маңындағы саябақты тазалауға үлес қосты.

«Сүйікті қаламыздың тазалығы баршамызға ортақ іс, жас буынға үлгі-өнеге, сырттан келген қонақтар үшін тұрғындарымыздың абыройы», – деп атап өтті шараға қатысқан Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев.

Санитарлық тазалау мен абаттандыру бойынша екі айлық 4 қарашаға дейін жалғасады.