Котова Людмила Индюновна 1966 жылы 9 қаңтарда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Ескелді ауылында дүниеге келген. Орта білімді аяқтаған соң 1993 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық университетіне түсіп, жоғары білім алды.
Котова Людмила Индюновна еңбек жолын 1984 жылы өзі түлеп ұшқан ұясы Дзержинский атындағы орта мектепте тәрбиеші болып істеуден бастады. 1992 жылы осы аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1993 жылы оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Өзінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде 2004 жылы Лермонтов атындағы орта мектепте басшылық етіп, 2008 жылы Дзержинский атындағы орта мектепте директор болды. Кейін, 2010 жылдан бастап қайта Лермонтов атындағы орта мектепке басшысы болып тағайындалып, қазіргі таңда аталмыш мектеп ұжымын заманауи үрдіспен басқаруда тынымсыз еңбек етіп келеді.
Бүгінгі жаһандану заманында елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөліп, үнемі өз білімін жетілдіріп отырады. Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық іс-тәжірибелер енгізіп, өзінің кәсіби қызметін шыңдау мақсатында іс-тәжірибесімен бөлісуді де ұмыт қалдарған емес.
Л.И.Котова өзінің еңбекқорлығымен, әділеттілігімен, шәкірт жүрегіне жол таба білумен қатар, ұжыммен тіл табысып, мектептегі кадр мәселесінің тұрақталуына, педагогтардың қазіргі жаңа талапқа сай әлеуетінің көтерілуіне, білім мекемесінің заман талабына сай жұмыстануына мүмкіндік жасап, ұстаздарды әріптес ретінде де қолдап келеді.
Талантты басшының өзіне де, өзгеге де талап қоя білуінің және үйлесімді ұйымдастырушылығының нәтижесінде 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2020 жылы Қазақстан маслихат депутаттар бірлестігінің «Қазақстан Мәслихаттарына 25 жыл» медалімен, 2021 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 2020 жылы облыстық «Үздік ауыл мектебі» байқауынан ІІІ орын, 2019-2020 оқу жылында орта білім беретін мектеп директорлары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларының білім, білік дағдыларын арттыру мақсатындағы «Табыс кілті» атты Республикалық онлайн ғылыми конкурсында жүлделі IІІ – орын, 2020 жылы Республикалық «Бірлік» орталығының онлайн-байқауы «Ұлы даланың жеті қыры» ІІІ орын иеленсе, 2020 жылы Республикалық «Бірлік» орталығының онлайн-байқауы «Ұлы даланың жеті қыры» және 2018 жыл Алматы облысының білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы “Табысты көшбасшы” марапаты және Алматы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, “Табысты көшбасшы” жобасын жүзеге асыруда Алматы облыстық білім және ғылым министрлігінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы табысталды.
Мектеп жетістігі үшін биік парасаттылық пен талмас еңбекқорлықты ту еткен, өзгеге үлгі бола алған мектеп директоры Л.И.Котова өз мамандығын жоғары дәрежеде меңгерген тәжірибелі ұстаз. Ұжым басшысы өзінің бар күш-жігерін оқушыларды жан-жақты дамыта отырып оқытуға, педагогикалық ұжымның биік жетістік белестеріне жеткізу ісіне жұмсап келеді. Қашан да өзінің ашық-жарқын мінезді адами болмысымен, өзін де, өзгені де сыйлата білетін қарапайым қалпымен көпке үлгі болып жүр.