Кәрімжан Әлішер Тұрарұлы – 7 мамыр 1993 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу ауылында дүниеге келген. 2011-2016 жылдары Талдықорған қаласыдағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде география пәнінің мамандығы бойынша білім алған. 2019 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университінің география білім беру бағдарламалары педагогика ғылымдарының магистаратурасына түсіп, 2021 жылы магистр ғылыми атағын алды.
Еңбек жолын Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу ауылындағы «Шилісу негізгі мектебі» КММ-не география пәнінің мұғалімі болып бастаған. Қазіргі уақытта ұстаздың біліктілік деңгейі педагог–зерттеуші. 2016-2019 жылдары аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2019 жылдан бастап мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жемісті еңбек етуде.
Әлішер Тұрарұлы өз ісін жетік меңгерген білімді де, білікті маман. Еңбек еткен 9 жылда ұстаз талай жетістіктерге жетіп, мектептің мәртебесін көтеруде үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген алдыңғы қатардағы ұстаздардың бірі.
Әлішер Тұрарұлы ақпараттық-коммуникациялық технологияны жетік меңгерген, психология-педагогикалық, қарым-қатынастық және әлеуметтік құзіреттілігі толық қалыптасқан маман.
Ұстаз мамандығын дәріптеп, ісі мен тәжірибесі арқылы үнемі дәлелдеуде. Шәкірттерінің шырағын жаға білді. Оқушылары облыстық, республикалық жарыстардан топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Кәрімжан Әлішер Тұрарұлы еңбек ұжымында құрметке бөленген мамандардың бірі. Педагог ретінде өзін әртүрлі байқауларда сынап, бірқатар жетістікке жеткен. Аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы. Білім мен біліктілікті тиімді ұштастыра біліп, теориялық білімді іс-тәжірибеде жаңашылдықпен енгізе білетін шығармашыл ұстаз авторлық бағдарламалар мен облыстық, республикалық газеттерге мақала шығарған.
2020 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Құрмет грамотасы», 2020 жылы ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Құрмет грамотасы», 2020 жылы «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Жетісу Дарыны» облыстық дарынды балалар мен жастарға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы КММ-сі ұйымдастырған Жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері арасында облыстық қашықтық олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломы, 2021 жыл Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ-нің «Құрмет грамотасы», 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген Алматы облысы әкімінің «КӨШБАСШЫ-2021» жастар сыйлығынның «ҮЗДІК ЖАС ҰСТАЗ» номинациясын жеңіп алды.
Кәрімжан Әлішер Тұрарұлы үнемі өз білімін жетілдіріп, кәсіптік деңгейін нығайтып, біліктілігін арттыруды жолға қойған ізденімпаз ұстаз.
Дарынсыз, талантсыз оқушы болмайды деген ұстанымды өмірлік қағидасы еткен Әлішер Тұрарұлы әр оқушымен шығармашылық жұмыс жүргізіп, ғылыми- зерттеу еңбектері облыс, Республика, Халықаралық деңгейде жүлделі орындарға ие болуда. Бұл – ұстаз еңбегінің жемісі. Әр оқушының даралығы мен даналығын анықтап, шыңдау үшін ата- аналармен де тығыз қарым- қатынаста. Әлішер Тұрарұлы – жаңашыл, дарашыл мұғалім. Заман ағымына сай, жаңашылдыққа бастау алған тың жаңалықтарды ізденімпаздылықпен, шығармашылықпен жандандыруда. Жоғарғы еңбек қабілеттілігінің арқасында еңбек ұжымы ұстазды іскер, ұстамды, өзіне және өзгелерге талап қоя білетін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті қызметкер ретінде біледі. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр- сырын жетік меңгерген беделді тұлға.