Қазан айының алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні. Қоңыр күздің керемет мерекесі қарсаңында Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Рита Еркусимова мен аудандық білім саласы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Құлтай Қоянбаев А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі, Қарақұдық орта мектебі, Қарақобда мектеп-балабақшасы, Нұрбұлақ орта мектебі, Қарабұлақ мектеп бақшасы, Үшқұдық орта мектептеріне жұмыс сапарымен барды. Кездесу барысында саладағы өзекті мәселелер талқыланып, кәсіподақ белсенділері марапатқа ие болды.
Еңбек еткен адамның әрқашан еңсесі тік, тапқан наны адал екендігі белгілі. Яғни, еңбек адамды мұратқа жеткізеді, тек еңбек еткен адам ғана оның шын мәніндегі жемісін көретіні анық. Ұстаздар еңбегін елеп, ескерусіз қалдырмайтын кәсіподақ ұйымы тарапынан ұстаздарға алғыс хат пен сый-сияпат табысталды. Мереке алдында білім саласында қажырлы еңбек еткен ардагер ұстаздарға да ілтипат көрсетілді.