Әлеуметтік әріптестік жылы аясында «10 қазан – ҚР Кәсіподақтар күніне» орай Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Орал қалалық комитеті филиалы және Орал қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасында шахматтан және тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды.
Турнирды қалалық білім беру бөлімінің дене шынықтыру пәндері әдіскері Тарас Қуанғалиев және БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті филиалының төрағасы Төлеген Темешев ашып, бұл шараның басты мақсаты – ұлттық зияткерлік спорт түрін насихаттау және дамыту, кәсіподақ мүшелерінің жұмысын жандандыру, кәсіподақ қозғалысын насихаттау жұмыстарын жүргізу, жалынды жастарды кәсіподақ қызметіне көптеп тарту, ынталандыру, сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен жастар арасында патриоттық сезім қалыптастыру екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының арнайы дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, келесі облыстық турнирге жолдама алды.