«YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төраға орынбасары Лесбай Қозбаховтың, «Асар строй групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерлерімен өткізген кездесуі мен жүргізген түсіндіру жұмыстарының арқасында аталған ұжымда бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды. Нәтижесінде ұжымдағы қызметкерлер 100% кәсіподақ мүшелегіне тартылып, әлеуметтік әріптестер ҚР Кәсіподақтар федерациясымен жарияланған «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында бірлесіп атқарылатын қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Бұдан бөлек, Лесбай Қозбахов қатысушылардың кәсіподақтың жұмысы мен еңбек қатынастарына қатысты сауалдарына жауап беріп, кәсіподақ мүшелерін еңбеккерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарына жұмыла атсалысуға шақырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.