Кәсіподақта – жаңа төраға

Жуырда «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» Махамбет аудандық комитеті» филиалының кезектен тыс ІІ-ші конференциясы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық салалық кәсіподақ ұйымының жұмысынан төраға Венера Қабышеваның есебі тыңдалынып, филиалдың комитет және бақылау-тексеру комиссиясының құрамдары толықтырылды.


Конференция ұйымдастыру мәселесін қарап, филиалдың төрағалығына Махамбет аудандық білім бөлімінің бас маманы Торғын Берғарина бірауыздан сайланды.

Сол күні Қ.Ахмедияров атындағы орта мектепте ауданның барлық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына арналған семинар өтті. Аталмыш басқосуда облыстық салалық кәсіподақ ұйымының заңгері Юлия Айбосынова «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері. Жазатайым оқиғаларды тергеу», ұйымның маманы Нұрсәуле Мусаева «Білім беру және кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізу туралы» және бас есепші Алтын Тұяқпаева «Бастауыш кәсіподақ ұйымының қаржылық құжататтарын жүргізу туралы» атты баяндамалар жасады.

Жиын соңында тыңдаушылардан түскен сұрақтарға жауап беріліп, кәсіподақ көшбасшылары өзара пікір алмасты.