Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне орай Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова Әлия Молдағұлова атындағы мемориальды музейінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті.
Назира Табылдинова еңбек адамының мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс және жаңа бастамалар туралы айтып берді.
Салалық кәсіподақ филиалының жетекшісі қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі және кәсіподақ жұмысы туралы баяндап берді.
Музейдің директоры Елена Қалтаева кәсіподақ комитетімен бірлесіп қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу, материалдық көмек көрсету, ұжымдағы бірлікті және жағымды моральдық-психологиялық ахуалды нығайту бойынша әлеуметтік әріптестік тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуде музей директоры, әлеуметтік әріптес Елена Қалтаеваны мерейлі 60 жасымен құттықтап, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, одан әрі ынтымақтастықта бірлесе еңбек етуге шақырды. Музейде 36 жылдан астам уақыттан бері тапжылмай, абыроймен ел игілігі үшін еңбек етіп келе жатқан Елена Сарсеналықызының еңбегі көпке үлгі.