«Ауданаралық сауықтыру ауруханасы»оңалту орталығы» ШЖҚ МКК-ның мейірбикесі Салықова Алтын Ерболқызы. 1999 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген. Жастайынан ақ халатты абзал жан болуды армандаған ол, 2016 жылы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық коллеждіне жалпы тәжірибедегі мейірбике мамандығы бойынша оқуға түсіп, қазіргі таңда Жаңақала ауданындағы «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» ШЖҚ МКК-да қызмет атқарады.
Жас маман болса да еңбексүйгіштігі мен білімінің арқасында жетістікке жетіп жүр. Ол осы ұжымда жұмыс істеген барлық уақыт бойы өзін тек жақсы жағынан көрсетті, бойында жауапкершілік ,адалдық қасиеттері бар. Әрдайым емделушілердің алғысы мен ризашылығын алып жүрген қызметкер. Сондай-ақ мейірбикелік конференциялар мен семинарларға белсенді түрде қатысады. Алтын Ерболқызының жұмысына деген ұқыптылығы ,мейірімділігі, кішіпейілдігі үшін емделушілер мен барлық қызметкерлердің құрметіне ие маман.
Сонымен қатар, Алтын Ерболқызы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің, БҚО «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы»оңалту орталығы» ШЖҚ МКК-дағы филиалының белсенді мүшесі, әрдайым еңбек ұжымындағы жұмыстарға белсене араласып, ұжымдастарының мүдделерін қорғап, қолдау мен көмек көрсетуге атсалысады.