Бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен жоспарлы кездесулер жалғасуда

Алматы облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Қыдырманов пен Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы мен №17 орта мектептің еңбек ұжымымен кездесті.


Кездесуде кәсіподақ өкілдері бастауыш ұйымдардағы еңбек адамының жағдайымен танысып, қоғамдық бірлестіктің атқарған жұмысын баяндады. Сала қызметкерлерінің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, алдағы мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Кәсіподақ мүшелері де өз кезегінде ұсыныстарын жеткізіп, ойларымен бөлісті.