Кәсіподақтың белсенді мүшелері марапатталды

Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қасымхан Әбенов әлеуметтік әріптестермен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді тақылады. Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-мектебінің мәжіліс залында өткен жиынға аудандық білім бөлімі басшысының м.у.а. А.Мырзағали, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Басқосуда 2022-2023 оқу жылындағы жаңалықтар таныстырылды. Атап айтсақ, педагогтердің оқу жүктемесі, білім ошақтарының 5 күндік жұмыс форматына көшуі, оқу жылының 36 аптаға ұзартылуы сынды білім саласына қатысты мәселелер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұжымдық шартта көрсетілген міндеттемелердің орындалуына баса назар аудару қажеттігі айтылды.


Жиын соңында кәсіподақ жұмысының жандануына үлесін қосып жүрген педагогтер облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.