Кәсіподақ өкілдері жастармен өзекті мәселелерді талқылады

«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесінің төрағасы Бахтияр Жаксикельдинов Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.


Шараның басты мақсаты – жастарды әлеуметтік-еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік даярлау саласындағы құқықтары туралы хабардар ету, «Келешек» Жастар кеңесінің қатарына тарту арқылы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Төраға кәсіподақ жұмысы жайлы қысқаша ақпарат беріп, оның маңыздылығы туралы баса айтып өтті. Сонымен қатар, «Келешек» Жастар кеңесінің мүшелеріне кәсіподақ федерациясының YouTube каналы және «Заң клиникасының» жұмыстарына тоқталды. Әр аптаның сейсенбі күні «Заң клиникасында» қабылдау өтетінін хабардар етті.