Қызылорда қаласы әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілер бірлестіктері мен аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған қалалық келісімге өзегрістер мен толықтырулар енгізу мәселесі Қызылорда қалалық үшжақты комиссия отырысында талқыланды.
Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің Қызылорда қалалық үш жақты комиссиясы отырысын қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова жүргізіп, күн тәртібіндегі қала кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының жағдайы мен қалалық келісімге толығырақ тоқталды. Қалалық емханалардағы, көп бейінді ауруханадағы еңбек қатынастары бойынша мәселелер талқыланып, комиссия мүшелері қаралған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов комисси отырысы күн тәртібіндегі мәселелердің әрқайсысы бойынша өз пікірін білдіріп, мәселелердің шешемін табу тетіктері бойынша ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, Қалалық орталық емхананың жаңадан ашылуына байланысты басқа да емханаларда қызмет көрсететін тұрғындар санының азаюы салдарынан жұмыс орындарының қысқаруы, жұмыскерлердің еңбек жағдайының өзгеруі туралы құқықтық кеңестер мен келісімдік тетіктер талқыланды. Комиссия отырысы күн тәртібіне сәйкес қаралған мәселелер бойынша қала әкімдігі, кәсіпорындар мен облыстық кәсіподақтар орталығы бірлескен шараларды қабылдау туралы тапсырмалар берілді.