Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Д.Д.Махмудов атындағы «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымында болды.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі келісім комиссияларының мүшелерін құқықтық ақпараттандыру бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әрдайым жан-жақты көмек және қолдау көрсетеді.
Кездесуге «Павлодар облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» РММ басшысы Г.Губарев, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры А.Капенова, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры В.Питраков, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова қатысты.
Кездесуге қатысушылар отбасының цифрлық картасын жасау, жасына байланысты зейнетақы тағайындау, міндетті зейнетақы жарналарын аудару және оларды алу, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша, бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды есептеу, еңбек заңнамасы мәселелері бойынша, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін заңнамадағы өзгерістер: жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы мен бала күтімі бойынша жәрдемақыны есептеудегі өзгерістер, әйелдер үшін зейнеткерлік жасының өзгеруі туралы түсініктеме алды.
Жұмысшылардың өтініші бойынша кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалының Мобильді агент-қызметкері ақпараттық қолдау көрсетті.
Барлық туындаған сұрақтарға кездесуге қатысушылар кездесу барысында да, ол аяқталғаннан кейін де жеке консультациялар алды.
Павлодар облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс кешені және қызмет көрсету саласы қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Н.Каримова және «Д. Д. Махмудов атындағы» Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Джаналиева спикерлерге түсіндіру және кеңес бергендері үшін алғыс айтып, бастауыш кәсіподақ ұйымымен осындай кездесудің пайдалылығы мен қажеттілігін атап өтті.