БҚО Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова мен Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Орал қалалық комитеті – Филиалы төрағасы Төлеген Темешев Орал қалалық №50 ЖОББМ ұжымымен кездесті.
Аталған кездесу ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру.
Сонымен қатар, Айгүл Оразқызы «БҚО Кәсіподақтар орталығының» басты жобалары «Азаматтарды қоғамдық қабылдау» мен «Заң клиникасы» аясында мамандардан тегін заңнамалық, құқықтық көмек, еңбек қатынастарынаа қатысты кеңес алу мүмкіндігін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан кәсіподақ қозғалысы мен атқарылып жатқан жұмыстарынан хабардар болу үшін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «You Tube» әлеуметтік платформасына жазылып ондағы бағдарламаларды жібермей көруге кеңес берді.
Төлеген Талғатұлы қала деңгейіндегі атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, кәсіподақтың беретін мүмкіншіліктері мен әлеуметтік көмегін атап өтті.
Орал қалалық №50 жалпы орта білім беретін мектебінде 142 кәсіподақ мүшесі бар. Бастауыш кәсіподақ төрайымы Давлетова Айна Бауыржанқызы. Кәсіподақ өз қызметін ұжымдық шарт негізінде жүргізеді. Кәсіподақ мүшелеріне барлық тиісті әлеуметтік көмек пен шипажайларға жолдама тұрақты түрде беріледі.