“Қарттарын қадірлеген ел ардақты” демекші, қарттарын қадір тұта білген елдің ертеңі биік, мерейі үстем болмақ. Мейірім мен қамқорлықты дәріптейтін мерекеде Карғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнара Байменшина мен аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Дүйсенова ардагер ұстаздарды құттықтады.
Білім саласында қажырлы қызмет жасаған кәсіподақ мүшелеріне ізгі тілектерін айтып, сый-құрмет көрсетті.