Кәсіподақ өкілдері еңбеккерлерге қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жүргізді

Әлеуметтік әріптестік жылы аясында Алматы облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының қызметкерлері бөлім басшысы Б.Орманов, бас маманы Ч.Абишев, бас маманы Е.Даулетұлы, облыстық құрылыс басқармасы Денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысы бөлімінің бас маманы А.Айтахов, «Облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «КЕЛЕШЕК» Жастар кеңесінің төрағасы Б.Жаксикельдинов Қаратал, Кербұлақ аудандарында орналасқан «Шымыр», «Жөндеу-Құрылыс», «AK Construction Company», «Бауыр – Құрылыс», «Алматы–CONSTRUCTION.БМ», «ПМК-7К» ЖШС-тері құрылыс мердігерлік ұйымдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, еңбек шарттарын жасасу, жалақы төлеу және еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 27-30 қыркүйек аралығында жоғарыда көрсетілген аудандарда орналасқан құрылыс ұйымдарына келесідей алдын алу шараларын жүргізді. «Жөндеу-Құрылыс», «Бауыр-Құрылыс» ЖШС құрылыс мердігерлік ұйымдарына арнайы киім және еңбек қауіпсіздігі туралы ескертпе берілді.


Құрылыс нысанындағы жұмыскерлермен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және барлық жұмысшылардан еңбек қатынастары саласында сауалнама алынып, жұмысшылармен еңбек қатынасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында әңгімелесу жүргізілді. Мәселен, арнайы киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, қорғау белбеуі және өзге де қорғаныш құралдар бойынша, жұмыскерлердің еңбекақысы толыққанды төленіп, еңбек қатынасы аясында шағымдары жоқ екендігі айқындалды.

Жоспар бойынша 3–4 қазан күндері Талдықорған қаласының құрылыс нысандарында жоғарыдағы еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары жүргізіледі.