Қарттарын қадірлеген – ел ардақты

Балқаш қаласының білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Асем Айтжанова бастаған БКҰ белсенділері саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған еңбек ардагерлерін қос мерекемен құттықтады.


Жылдар жылжып, сағаттар сырғыса-дағы еңбегін ұмытпай, елеп-ескеруді парызы санайтын кәсіподақ белсенділерінің құрмет-қошеметіне бөленген аяулы ардагерлер ізбасарларына ақ батасын беріп, бала оқыту ісінде жинақтаған мол тәжірибесімен бөлісті. Түйген ой-танымын ортаға салып, өнегеге толы әңгімелер айтты.

Жылы жүздесуден үлкендер марқайып қалса, жастар мамандық майталмандарының ғұмырдариясынан ғибрат алып, алдына ұлағатты ұстаз атану мақсатын қойып тарқасты.