Нұра ауданының білім қызметкерлерінің және педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен өнер мектебінде мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Ауданның білім саласының қызметкерін аудан әкім Бақытжан Мұқанов құттықтады және әр тұрлі марапаттар табыстады.
Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен Кәрім Мыңбаев атындағы мектебінің директоры Нұркен Шахметов, Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Қайып Шайменов атындағы мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жұлдыз Юсупова, Мүташ Сүлейменов атындағы мектебінің дене шыныктыру пәнінің мұғалімі Толеутай Самаров, Кәрім Мыңбаев атындағы мектебінің математика пәнінің мұғалімі Кенжетай Мустафина, М. Дұлатұлы атындағы мектебінің география пәнінің мұғалімі Нұргүл Хұрманғажы, Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі директорының оқу-тәрбие ісіс жөніндегі орынбасары Меиірхан Джазалиев, дене шынықтыру пәнінің оқытушы Шевченко Петрович, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жамбулат Карипбаев марапатталды.
Аудан әкімінің Алғыс хатымен Италиядағы «Ла Сапиенца» Рим университетінің магистратура грантының иегері Ыбырай Алтынсарин атындағы Тірек мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі а Сәуле Құтбаев және Польша Республикасы, Варшава қаласы “Вистула” Академиясының “Педагогика және психология” мамандығы бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наталья Швецова магистратура грантының иегерлері марапатталды.
Сонымен қатар Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы С.А.Муканова Қарағанды облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен Қайып Шайменов атындағы мектебінің директоры Марина Серикбаевна Нидерквельді, Мағжан Жұмабаев атындағы мектебінің биология пәнінің мұғалімі Макишев Аслан Сапаровичті, Қарой мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Пшембаева Замира Уменовнаны, Рахым Асубаев атындағы мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Аяжан Казбековна Кусаинованы, Сәкен Сейфуллин атындағы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айнагуль Кабкешевна Асылбекованы, Қарағанды облысы білім басқармасының Алғыс хатымен Сәкен Сейфуллин атындағы мектебінің директоры Атымтай Ескенович Балабиевті, Мағжан Жұмабаев атындағы мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әсет Нұрланұлы Жантөрені, Жұмабаев атындағы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Төлеутаевна Ахметованы, Қайып Шайменов атындағы мектебінің директорының орынбасары Бахыткүл Акпарияновна Оразбекованы, Қарой мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Манарбек Халидолданы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен «Алтын дән» бөбекжайының меңгерушісі Құралай Сериковна Мамилина марапатталды. Барлық марапат иелері мен еңбек ардагерлері кәсіподақ атынан гұл шоқтарымен, сыйлықтармен марапатталды.