Түркістанда Ұстаздар күні мерекесі аталып өтілді

Еліміз бойынша қазан айының алғашқы жексенбісі «Ұстаздар күні» кәсіби мерекесі болып белгіленген. Осыған орай, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.


Жиында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі құттықтау: «Егемен еліміздің шәкірттерін тәрбиелеудегі Сіздердің еңбектеріңіз зор. Сондықтан, ұстаздық – қай кезде де сый-құрметке лайық қастерлі мамандық болып қала береді», – деді.

Іс-шара ары қарай марапаттау миссиясымен жалғасын тауып, білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім және саналы тәрбие берудегі сіңірген еңбегі үшін бірқатар ұстаздар «Үздік қызметкер» медалі және Құрмет грамоталарымен марапатталды.