Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінде «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында қызметкерлердің, яғни бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жағдайымен танысу мақсатында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов арнайы кездесті.
Кездесу жиынын департамент басшысының міндетін атқарушы Ж.Ережепова және кәсіподақ төрайымы Ж.Копжасарова ұйымдастырып, оған 70-ке жуық кәсіподақ мүшелері қатысты.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес Жарқынбек Құрманбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен және оны іске асыру шараларымен таныстырып, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Копжасарова мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов атқарған жұмыстары туралы өз есептерін берді.
Жиын соңында Ж.Ережепова Жолдауды толығымен қолдап, оны іске асыру бойынша тиісті іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс атқаратынына сенім білдіріп, кәсіподақтар жұмыстарына ұжым мүшелерінің оң баға беріп отырғанын тілге тиек етіп, Департамент қызметкерлерін кәсіподақ қозғалысын әрі қарай дамытуда өзіндік үлес қосуға шақырды.