Кәсіподақтар күніне орай мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды

​ Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония залы 10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күніне арналған мерекелік шара өтті. Оған кәсіподақ ардагерлері, сала активі, әлеуметтік әріптес кәсіпорын, мекеме басшылары шақырылды. Жиында Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Еділ Ұзақбай сөз сөйледі. Ол бірлестік қызметі жұмысшы-қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, өндіріс шарттарын жақсартуға, еңбек дауларын реттеуге бағытталғандығын айтып, әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады.

​Бұдан соң кәсіподақ қозғалысының белсенділері мен ұйым жетекшілерінің бір тобына облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың, салалық кәсіподақтардың марапаттары тапсырылды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» медалімен «Ембімұнайгаз» АҚ-ы «Ембімұнайэнерго» басқармасының кәсіподақ ұйымының төрағасы Сүндет Шеруенов, «Болат жол» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Аймұрат Лұқманов, «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалімен Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз хатшысы Бақытжан Жұмат, сондай-ақ, Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен облыстық онкология диспансері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Маржан Испергенова, Индер аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сұлу Молдағалиева және басқалар наградталды.

Мерекелік кеште облыстық маслихаттың депутаты Қайрат Қоныс, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымжан Амантурлин, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы сөйлеп, құттықтау лебіздерін жеткізді. Шараға қатысушы кәсіподақ ардагерлеріне де

сый-сияпат көрсетілді.
Салтанатты шара қонақтары Атырау мұнай өңдеу зауыты жанынан құрылған «Толқын» ансамблі мен «Ардагерлер хоры» ұжымының өнерін тамашалады.