Кәсіподақ төрағалары бас қосты

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі облыстық салалық және жергілікті кәсіподақтар филиалдарының төрағаларымен кезекті кездесуін өткізді.

Жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі күн тәртібінде тұрған барлық мәселелерді қатысушылармен қызу талқыға салып, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін жақсарту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы айтып өтті.
Бұдан бөлек қатысушылармен әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективалары аясында әңгіме өрбітіп, ағымдағы жылда «Әділ еңбекақы» ұранымен өтетін Дүниежүзілік іс-қимыл күнін бастауыш кәсіподақ ұйымдарында насихаттау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары талқыланып ,оның орындалуы бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Жиын соңында кәсіподақ төрағалары толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Сөз алғандар қозғалған мәселелерді талқылай отырып, облыстық кәсіподақ қызметін ілгерілету жайында өздерінің ұсыныстарын білдірді.