Бұл туралы Алматыда Орталық Азия елдері кәсіподақтарының конференциясында айтылды. Сарапшылардың пікірінше Қазақстанда 900 мыңдай адам цифрлық экономикада еңбек етеді. Бұл көрсеткіштің жылдан жылға артары анық. Конференция аясында Халықаралық еңбек ұйымы және Орталық Азия кәсіподақтары жұмысшыларының мүддесін қорғау жөніндегі «Алматы декларациясы» қабылданбақ. «Цифрлық дәуірде кез келген елден жұмыс табуға болады. Сондықтан олардың құқын қорғау тетіктерін жетілдіру қажет», — дейді сарапшылар. Сатыбалды Дәулеталин, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы: -Европа мемлекеттерінде оның ішінде мынау біздің Орталық Азиядағы бауырлас елдерде көптеген тәжірибе жұмыстары бар. Бірақ бұл енді жаңадан еніп жатқан үрдіс екенін өздеріңіз түсінесіздер. Сондықтан бұл жерде бірден қалыптасқан, белгіленген жол бар деп айту қиын.