Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Андрей Григорьевич Онегов энергетика саласына өмірінің 36 жылын арнаған. Екібастұз 1-МАЭС-те қазандық және тозаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеумен айналысты. Өзін техникаға сауатты, білікті әрі жауапты маман ретінде көрсете білді. Әріптестері әрдайым кеңес алу үшін Андрей Григорьевичке жүгініп отырған. 2016 жылы еңбек екпіндісі «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Құрмет тақтасына енгізілді, ал 2020 жылы станцияның 40 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.


Ардагерді еңбек демалысына шығуымен әріптестері, ҚҚЖЖ цехының бастығы Сырымбет Жексембаев және жөндеу жөніндегі басқарма бастығы Ардақ Қайырбаев құттықтады. Еңбек ұжымы атынан станцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Чигвинцева Андрей Онеговқа естелік сыйлық табыс етіп, денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Өткен аптада «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС бірнеше маманы біруақытта зейнеткерлікке шықты, олардың қатарында қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі 6-разрядты электр газбен дәнекерлеуші, «Ардагер энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» белгісінің иегері Виктор Тарасенко болды.

Қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехта Виктор Сергеевич 20 жылдан астам еңбек етті. Оның әріптестері әрдайым мұндай маманды табу қиын екенін мақтанышпен айтады, өйткені Виктор Тарасенконың дәнекерленген бөлшектері мен өнімдерінен қанша уақыт өтсе де ең кішкентай ақауларды табудың өзі мүмкін емес. Білікті электр газбен дәнекерлеушінің дағдылары станцияның дамуына өз септігін тигізді, Виктор Сергеевич №8 энергоблогын қалпына келтіруге белсенді қатысты, онда әріптестерімен қазандықтың қыздыру беттерін ауыстыру қажет болған еді.. Сондай-ақ ол №2 энергоблокты пайдалануға беру бойынша жұмыстарға тартылды.

Виктор Сергеевич бірнеше рет салалық марапаттарға ие болды. 2020 жылы Виктор Тарасенко Ресейдің Мемлекеттік электрлендіру Жоспарына – РЕМЕМЭЛ 100 жылдығына орай медальмен марапатталды, ал 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Самұрық-Қазына»АҚ төсбелгісінің иегері атанды.

Еңбек сіңірген энергетикті құттықтау цех ішінде жылы әрі достық атмосферада өтті, зейнеткерді станция басшылығының атынан цех басшысы Ғафиулла Жақсыбаев пен жөндеу жөніндегі басқарма бастығы Ардақ Қайырбаев құттықтады, еңбек ұжымы атынан Татьяна Чигвинцева ардагерге естелік сыйлық табыс етті.