Кәсіподақтар күніне орай «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Павлодар облыстық филиалы адал еңбегі, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан жеке үлесі үшін ақшалай сыйлықтар табыстап, ішкі және сыртқы аудит бөлімінің жетекші маманы, Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанар Әбілқайырованы, «Қызмет» салалық қызметкерлер кәсіподағының «Кәсіподақ қайраткері» медалімен Шарбақты ауданы мәслихат аппаратының бас маманы, кәсіподақ ұйымының қазынашысы Меруерт Оспанованы, ұйымдастыру бөлімінің басшысы, «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Николай Чудовскийті, құрылымдық бөлімшенің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Павлодар облысы әкімі аппаратының «Офис-Сервис» КММ кәсіподақ ұйымы Мақтагүл Батталованы, ҚР Ұлттық статистика бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің құрылымдық статистика басқармасының басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының қазынашысы Майра Сағынованы, «Қызмет» салалық қызметкерлер кәсіподағының Құрмет грамотасымен «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары Әлия Рахимованы, Павлодар облысының «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы Лариса Зеленованы, Павлодар облысының «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ аппаратының басшысы Валентина Курсакованы, «Қызмет» салалық қызметкерлер кәсіподағының алғыс хатымен Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы Марина Иванованы, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Рымкеш Сағынованы, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, шаруашылық-бикесі Лилия Жүсіпбекованы, «Қызмет» салалық қызметкерлер кәсіподағының Павлодар облыстық филиалының Құрмет грамотасымен Әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша директордың орынбасары, Екібастұз қаласы БЖСМ 3 КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Назира Нұржанованы, іс жүргізуші-аудармашы, Ақсу қаласы БЖСМ КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айжан Оспанованы марапаттады.
«Қызмет» салалық қызметкерлер кәсіподағының Павлодар облыстық филиалының сертификатымен және «2022 жылдың Үздік ұжымдық шарты» конкурсына қатысқаны үшін ақшалай сыйлықпен Төраға Исатаев Исан Ағыбайұлы бастаған АП 162/2 бастауыш кәсіподақ ұйымы марапатталды.