Әлеуметтік әріптестер еңбек қатынастары мәселелерін талқылады

Қарағанды облысының білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Осы комиссияның жұмысы еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша, сондай-ақ білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктердің неғұрлым жоғары деңгейін белгілеу мәселелері бойынша еңбек шарты тараптарының мүдделерін келісуге бағытталған.

Отырысқа Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының өңірлік комиссия мүшелері, Қазыбек би аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Марал Қашенова, Нұра аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Адамбай Мұстафин, Бұқар жырау аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Эльвира Хамитова, Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Алемгүл Жакулова, Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының құқықтық еңбек инспекторы Татьяна Миллер, Осакаров аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жасұлан Шайкин және “Қарағанды облысының білім басқармасы” ММ әлеуметтік серіктестер тарапынан Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбахыт Жүнісова, Қарағанды облысының білім басқармасының мемлекеттік бағдарламаларды орындау, ұйымдастырылған жұмыстар мен құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Нұрлышат Есенова, педагогикалық қызметті дамыту бөлімінің бас маманы Мейрамгүл Есенжолова қатысты.


Отырыста комиссияның жұмыс жоспары талқыланып, Қарағанды облысының білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған өңірлік келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Алмагүл Ракишева комиссия мүшелерін Білім және ғылым қызметкерлерінің әлеуметтік серіктестікті дамыту жөніндегі облыстық кәсіподақтың жұмысымен таныстырды.

Комиссия мүшелері әлеуметтік серіктестікті дамытудың, сала мәселелерін шешуде кәсіподақ мүшелерін қорғау мен қолдаудың, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтаудың және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаудың тиімді жолдарын талқылады. Отырыс соңында Алмагүл Ракишева жыл сайын 10 қазанда атап өтілетін Қазақстанның Кәсіподақтар күнімен құттықтап, Еңбек адамының игілігі үшін кәсіподақ жұмысында зор денсаулық, табыс тіледі.