Шымкент қаласында Кәсіподақтар күніне орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, әлеуметтік әріптес – Гүлжан Сүгірбаева Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкелерінің кәсіподағы «Салалық қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, кәсіподақ белсенділері оқу орнының Ғалым хатшысы Байғұтова Ақлима Мархабатқызы мен Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Мелдешова Айгүл Сейдуллақызы «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» Құрмет грамотасы табысталды.
Осынау мерейлі сәтте кәсіподақ активі салтанатты түрде әскери кафедра меңгерушісі, полковник Айтов Алмас Советұлын 60 жасқа, жылу жүйесінің инженері Бекетаев Бекмурза Бекасылұлын мерейлі 63 жасқа толған мерейтойларымен құттықтады.