Шымкентте кәсіподақ белсенділеріне құрмет көрсетілді

Шымкент қаласында елімізде кәсіподақ ұйымдарының төл мерекесіне орай кәсіподақ қозғалысына үлес қосып қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтар ұлықталды.

Салтанатты жиында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары жиналғандарды төл мерекелерімен құттықтап, әр саладағы кәсіподақ белсенділерін марапаттады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күніне орай Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен кәсіподақ қозғалысына үлес қосып, қызмет етіп жүрген «Қазығұрт» спорт ойын түрлері клубының кәсіподақ төрағасы Ахметов Тұрсын Келесбайұлы, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің кәсіподақ төрайымы Мұратбекова Забира Лесбекқызы, «Али Ақбаев атындағы №101 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің мұғалімі Ахмаджанов Октам Абдумажитұлы, «№109 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің мұғалімі Умаралиев Аскар, «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің еңбек жөніндегі нұсқаушысы Усенбаев Аскар Амантайұлы, «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-сі директорының орынбасары Сариев Сембек Даулетбайұлы, «Жасыл белдеу» КММ директордың міндетін атқарушы Примкулов Керимжан Жанкулұлы, «Қуатжылуорталық-3» МКК электр цехының басшысы Ниязов Нурлан Назарбекұлы, Шымкент қалалық автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағы маманы Беккужинова Лейла Антонқызы, қалалық Онкологиялық орталығының емдеу ісі бойынша директор орынбасары Исмаилов Самат Тастемірұлы марапатталды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының ғимаратында бірнеше жыл бойы қызмет атқарып келген кәсіподақ мүшелерінің еңбегі еленіп, марапат төрінен көрінді. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының Алғыс хатымен сантехник Досқабылов Бақытжан Қайдуллаұлы, күзетші Гильманов Берік Исакулұлы, тазалық жұмыстарына жауаптылар Нурсейітова Ализа Абубакірқызы және Гасанова Мейханым Намазқызы, Тойчибаев Жамалиддин Нуриддинұлы марапатталды.