Дәулеталин: «Кәсіподақтар жетістіктерінің артында оның мүшелерінің кәсіби біліктіліктері тұр»

10 қазан күні Қазақстан Кәсіподақтары күніне орай ұйымдастырылған «Бірлік. Әділеттілік. Даму» ҚР Кәсіподақтар федерациясы Ынтымақтастық форумының алаңында кәсіподақ ардагерлері мен белсенділерін, сондай-ақ, «Еңбек адамын ұлықтау» медиа-байқауының және «Үздік техникалық инспектор-2021», «Үздік шипажай» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімді құттықтау сөзімен ашқан ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин тәуелсіздік алғаннан бері Кәсіподақтар федерациясы 16 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 2 миллионға жуық еңбеккерді өз қатарында біріктіріп отырған ең ірі қоғамдық ұйым екенін атап өтіп, кәсіподақтардың елеулі жетістіктерінің артында оның мүшелерінің кәсіби біліктіліктері тұрғанын жеткізді.

«Бүгінде кәсіподақтар еліміздің әлеуметтік-еңбек саласында өзекті мәселелерді шешуге толыққанды қатысу үшін сараптамалық және ұйымдастырушылық әлеуетке ие.

Кәсіподақтар өз қызметінде «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының стратегиясында көрсетілген бірлік, әділеттілік, Еңбек адамына деген құрмет қағидаларын берік ұстанады», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Іс-шара барысында ХЕҰ/ACTRAV Еңбеккерлер мүддесі үшін қызмет бюросының директоры Мария Хелена Андренің, ХЕҰ/ACTRAV Еуропа және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Сергеюс Гловацкастың және Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесі өкілдерінің видеоқұттықтаулары жеткізілді.

Салтанатты рәсімге еліміздің кәсіподақтар қозғалысының қайнар бастауында тұрған кәсіподақ ардагерлері де қатысты. Осы орайда тәуелсіз Қазақстанның кәсіподақтарын қалыптастырудағы айтулы қызметі мен кәсіподақ ұйымдарын біріктіруге қосқан жоғары үлесі үшін Кәсіподақтар федерациясының бұрынғы төрағасы Сиязбек Мұқашев «Кәсіподақ  Даңқы» ҚРКФ жоғары марапатымен марапатталды.

Сиязбек Өнербекұлы кәсіподақ қызметі саласында 30 жылдан астам қызмет етіп, Кәсіподақтар федерациясын 21 жыл басқарған.

«Кәсіподақтар әрқашан болған және бола береді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еңбек адамының құқығы әрқашан биік тұрады», – деді Сиязбек Өнербекұлы.

Сондай-ақ, биыл 85 жылдық мерейтойын атап өткен кәсіподақ қозғалысының ардагері, «Ақмола турист» қонақ үй кешенін 28 жыл басқарған Владимир Жуковқа кәсіподақ қызметіндегі белсенді жұмысы мен кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына және дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды.

Кейін ҚРКФ «Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Baq.kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі Гүлжан Раманқұлова «Үздік журналист» болып танылса, «Кәсіподақтардың үздік ақпараттық әріптесі» номинациясы бойынша Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ұлытау облысы бойынша филиалының бас маманы Диана Оразалина марапатталды. Ал М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті Ибрагим Елжасов «Үздік фотообъектив» номинациясының иегері болды. «Үздік ақпараттық ресурс» номинациясы бойынша Қарағанды ​​облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жастар ісі жөніндегі бас маманы Аймира Баграмова, «Үздік баспасөз қызметі» номинациясы бойынша Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева марапатталса, «Республикалық БАҚ арасындағы үздік ақпараттық әріптес» номинациясы бойынша «Казахстанская правда» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің «Kazpravda.kz» сайты үздік деп танылып, сыйлық редакторы Хасенова Бағдат Мақсұтқызына табыс етілді.

Сонымен қатар, Форумда қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың жай-күйіне қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру, техникалық еңбек инспекторларының өкілеттігі мен рөлін күшейту мақсатында ұйымдастырылған «Үздік техникалық инспектор-2021» байқауы қорытындыланды. Байқауға 9 республикалық кәсіподақ ұйымы қатысты.

Қызылорда облысы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің техникалық инспекторы Нұртуған Асанов, Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-нің еңбекті қорғау жөніндегі аға техникалық инспекторы Болат Бекенов, «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының энергетикалық басқару жөніндегі жетекші маманы Денис Белоглазов, Батыс Қазақстан облыстық филиалының Круглоозер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Беркінғали Дәулетов, «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Болатжан Рақышев, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Жалғас Ибатаев, «Карцемент» АҚ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Назиля Якимова, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Сұнғат Исентаев, «Қазцинк» ЖШС еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Қанат Қашқымбаев 2021 жылдың үздік техникалық инспекторлары болып танылды.

Сонымен қатар, алғаш рет ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің №4 шешімімен «Үздік шипажай» және «Үздік шипажай қызметкері» байқаулары жарияланды.

Конкурсқа 8 шипажай қатысты, қорытындылау кезінде тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізу саласындағы қол жеткізілген нәтижелер ескерілді.

«Манкент» шипажайы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Үздік шипажайы» болып атанды.

Ал «Мойылды шипажайы» АҚ бас медбикесі Мейрамгүл Серікбаева «Медициналық қызмет көрсету блогының үздік шипажай қызметкері» номинациясы бойынша  үздік атанды. «Меркі» шипажайы» АҚ кір жуу бөлімінің меңгерушісі Айман Алдабергенова «Қызмет көрсету блогының үздік шипажай қызметкері» номинациясында жеңімпаз атанды. «Ақжайық шипажайы» АҚ тамақтану блогының директоры Ләззат Дүйсенғалиева  «Тамақтандыруды ұйымдастыру блогының үздік шипажай қызметкері» номинациясының үздігі атанса, «Сервис блогының үздік шипажай қызметкері» номинациясы бойынша «Ақжайық» шипажайы» АҚ сервис блогының директоры Римма Агниязова марапатталды.

Қазақстанның Кәсіподақтар күніне орай бірқатар кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділерінің еңбектері атап өтілді. Мәселен, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» республикалық мемлекеттік мекемесінің төрағасы Талгат Ажгалиев, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО цех кәсіподақ комитетінің төрайымы Надежда Куклина, «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелік ұйымы, Ұрымқай  орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің орманшысы Оразбек Махамбетов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы аппаратының баспасөз хатшысы Ринат Тасбулатов, Астана қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Динара Токбалина марапатталды.

«Еңбек озаты» медалі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіподақ ұйымы «Химиялық, мұнайхимиялық және өндірістің туысқан салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі филиалының заңгері Руслан Айсинға, Қазақстандық салалық «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы»  қоғамдық бірлестігінің  мүшелік ұйымы С.Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ сазды-драма театрының» директоры Біржан Жалғасбаевқа, «KAP Technology» ЖШС телекоммуникация бас инженері Руслан Зәуірбекке, «Оразов Кайырбек атындағы Аралағаш орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі, кәсіподақ комитетінің төрағасы Галия Мейрмановаға табысталды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Қәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы Раушан Әсембекова, «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе  және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалының аға техникалық инспекторы Гульмира Касимова, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Қуанбай Коктов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының еңбеккер әйелдер істері жөніндегі комиссия төрайымы Татьяна Шатохина, «Павлодар облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова, «Астана-Көгалдандыру» ЖШС көгалдандыру құрылыс қызметінің шебері Іңкәр Наурызбаева, «KAP Technology» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айзара Юсупова, «Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Темірбек Қасымжанов марапатталды.

«Ақжайық» шипажайының дәрігері Марат Акашаев,  Абай облысы бойынша «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрайымы Гүлсара Баймағамбетова, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі  Орталық аппаратының жетекшісі Қайыржан Тақуов, «Қамқор Локомотив» ЖШС, Мақат сервис орталығы өндірістік техникалық бөлім басшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы Ахмет Бисенов «Кәсіподақ ардагері» медалінің иегерлері атанды.

«Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен «Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Михаил Никифоров, «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразғали Ахметбаев марапатталды.

ҚРКФ медиаорталығы