«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты мерекелік шара өткізді.
Мерекелік шараға барлық «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚҚ Ақтөбе облысы филиалының кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, денсаулық сақтау саласы мекемелерінің бас дәрігерлері, кәсіподақ саласындағы қызметке еңбегі сіңген ардагерлер шақырылды.
2022 жылдың 3 қазанында Алматы қаласында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ұйымдастыруымен «Әлеуметтік серіктестік – даму перспективалары» атты республикалық конференция өтті.Оған Ақтөбе облысы филиалынан 15 делегаты қатысты.
Мерекелік кеш қонақтарының назарына «Әлеуметтік серіктестік – даму перспективалары» республикалық конференциясының делегаты №1 Қалалық емханасының бастауыш ұйымының төрайымы Гүлжанат Лепесова облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келе жатқан медицина мекемелерінің кәсіподақ орталығының еңбек ұжымдарында тұрақтылықты сақтап, еңбеккерлердің әлеуметтік жағынан, еңбек заңдылықтарының сақталуы бойынша қорғалуын қамтамасыз ету бағытындағы мақсат-мүдделері, өңірдегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысшылардың құқықтарын қорғау жолында атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берді.
Қазақстан Кәсіподақтар күніне орай, елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-қуатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметі, кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жеке үлесі және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестікті дамытқан үшін 3 медицина қызметкері Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжановтың алғыс хатымен, 4 бастауыш кәсіподақ ұйымы «Үздік ұжымдық шарт-2022» республикалық байқауының жүлдегерлері, Қазаққстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясының «Еңбек озаты» төсбелгісі Шалқар ауданының бас дәрігері Жанкелді Былқайыр, 3 медицина қызметкерлері «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Үздігі төсбелгісімен марапатталды.
31 кәсіподақ мүшесі «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет» грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.