Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының құрамындағы кәсіподақ комитеті – Филиалдары мен оның құрымындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жыл сайын қыркүйек айында өтетін «Еңбек күні» және «Әділ еңбекақы» дүниежүзілік ақциясы бойынша іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Осы мақсатта, 4 қазан күні облыстық кәсіподақ аппаратының бас мамандары Жаңақала ауданында колледж қызметкерлерімен кездесіп,қарапайым еңбек адамдарының жұмыс орнындағы құқықтарының сақтала бермеуі – көп жағдайда олардың өз құқықтарын толыққанды білмеуінен туындап жататыны, ал кейбір жұмыс берушілердің еңбек заңдылықтарын, соның ішінде ҚР Еңбек кодексінің талаптарын сақтамауы да – көптеген заң бұзушылықтарға әкеліп соғатыны туралы айтып, түсіндірді.
Сонымен қатар, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша жинақтары мен «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» әдістемелік ұсынымдары таныстырылып, олардың электрондық нұсқасы таратылды.
Дөңгелек үстелде кәсіподақ мүшелерінің қойылған сауалдарына жауаптар беріліп, белсенді кәсіподақ мүшелері облыстық кәсіподақ тарапынан құрмет грамотасымен марапатталып, заттай сыйлықтар табыс етілді.