Кәсіподақ қолдауымен “Үздік бастауыш сынып мұғалімі” байқауы ұйымдастырылды

Хромтау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен және білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен «Үздік бастауыш класс мұғалімі – 2022» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш класс мұғалімдерін анықтау және оларға қолдау көрсету, мұғалім мәртебесін көтеру.

Аталған байқауға еңбек өтілі 10 жылдан кем емес жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мұғалімдердің шығармашылық шеберліктері жоғарыдағы кезеңдер бойынша бағаланып, нәтижесінде №3 Хромтау орта мектебінің мұғалімі  Назипа Ерназарқызы бас жүлдені иеленіп, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама және кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлығын алды.

Сонымен қатар, №4 Хромтау орта мектебінің мұғалімі  Гаухар Кайырбаева жүлделі І орынды, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының мұғалімі  Гүлжайна Дуйсенбина ІІ орынды, Бөгетсай мектеп-гимназиясының мұғалімі  Жанар Уристемқызы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Байқау жүлдегерлері мен қатысушыларға кәсіподақ тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.