Дұрыс жұмыс және лайықты жалақы төлеу тұрғысынан кәсіподақ жұмысының басым бағыттарының бірі – әлеуметтік әріптестіктікті дамыту. Осыған орай «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» Ақтөбе облыстық филиалының орман мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің орманшыларымен кездесті.
Кездесуде жұмысшыларға лайықты еңбек жағдайларын жасауға назар аудару үшін осы дүниежүзілік акцияның маңызы айтылды.
«Ақтөбе орман шаруашылығы» КММ «Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрамына кіреді. Орман мекемесіне Қарғалы, Елек және Ленин орманшылықтары қарайды. Мекемеде штаттық кестеге сәйкес 113 адам жұмыс істейді. 2009 жылы мекемеде кәсіподақ ұйымы құрылған. Ұжымдағы еңбеккерлердің 100 пайызы кәсіподаққа мүше. Ақтөбеде 7 орман шаруашылығы бар.
Акциямен бірге кәсіби мереке аясында бастауыш ұйым мүшелеріне құрмет көрсетілді.« Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев кәсіби мерекеге орай орман шаруашылығының бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелерін құттықтады.
Басқосуда Салалық кәсіподақ төрағасы Т. Сұлтанғалиев пен мекеме директоры Б. Уразалин құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.
Жайылхан Ахметов, Айсұлтан Аманжолов, Орынбасар Жаманов Салалық кәсіподақтың 2-ші дәрежелі «Еңбек даңқы»төсбелгісімен және бір топ мекеме еңбекшлері мекеме басшысының Алғыс хаттарымен де марапатталды.