Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері Әділ Витальевич Оспановқа құрмет көрсетілді.
Әділ Оспанов 1999 жылы 24 қыркүйекте индустриалды-өнеркәсіптік орталықта, дарынды спортшылардың отанында, Қазақстанның кеншілер астанасы – Қарағандыда дүниеге келген. № 45 мектеп-гимназияны бітіргеннен кейін Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне, тарих факультетіне оқуға түсті.
11 жыл бойы Әділ Оспанов күреспен айналысады, қазіргі уақытта жоғары біліктілік санатындағы жаттықтырушы Иосиф Момцелидзенің басшылығымен жаттығады.
Қазақстанды әлемдік деңгейде таныстыру – бұл әрқашан оның бала кезінен арманы болатын. Әділдің алғашқы спорттық жетістіктері 2015 жылы Қарағанды қаласында өткен Жұмажан Акеновты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде жеңімпаз атануымен басталды. Қарағанды қаласында 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері; Қарағанды қаласында Жұмажан Акеновты еске алуға арналған Жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің жеңімпазы; Злих Тамшибаевты еске алуға арналған республикалық турнирдің қола жүлдегері – 2017 жыл. Өскемен қаласындағы жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы; Сассари қаласындағы (Италия) жастар арасындағы халықаралық турнирдің қола жүлдегері және жастар арасындағы Азия Чемпионатының күміс жүлдегері, Чон-Бури қаласында (Тайланд) – 2019 жыл. Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері-2020 жыл. Семей қаласында 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионы; Пловдив қаласында (Болгария) өткен «Дан Колов & Никола Петров» халықаралық турнирінің қола жүлдегері және Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатының 2021 жылғы күміс жүлдегері.
Биыл Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды, Белград қаласында (Сербия) өткен әлем чемпионатына қатысып, әлемдегі ең мықты жеті балуанның қатарына енді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Арстан Ғазалиев аға буын өкілі ретінде жас спортшыға ақ бата беріп, жақын арада Қазақстанды 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін кезекті XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында сәттілік тіледі.
Құттықтау сөздеріне Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрғазы Жарылғапов қосылып, спортшыға жарқын болашақ және лайықты жеңістер тіледі.