«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттер арасында «Ел ертеңі – жастар» пікірсайыс семинар-тренинг өтті.
Семинардың жетекші спикері – Жетісу облысының пікірсайыс ассоциациясының президенті С.Сұңқарұлы семинар қатысушыларына пікірсайыс ұжымдағы әртүрлі көзқарастың, ой-пікірлерін ортаға салып, көпшіліктің талқысына түсу арқылы өз ойын көрермендерге жеткізу мақсатында ұйымдастырылғанын жеткізді.
Шара соңында «Келешек» Жастар кеңесінің төрағасы Б.Жаксикелдинов алдағы уақытта осы семинарға қатысқан қатысушылар арасында пікірсайыс ойыны үстіміздегі жылдың 31 қазан күні өтетіндігін, С.Сұңқарұлы ойынның “Бұл палата Қазақстандағы кәсіподақты жаңғырту жолдарын ұсынады”, “Бұл палата әйелге берген ақшаның пайдасы жоқ деп есептейді”, “Бұл палата қазақ еліне шығыстың мәдениетінен гөрі, батыстың мәдениеті лайық деп санайды”, “Бұл палата қыздар басқарған әлем ұлдар басқарған әлемнен жақсырақ” тақырыптарында өтетіндігін хабарлады.